қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
13.09.2021

Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде мектеп мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарынан өтті


 

 

Жаңа оқу жылының басталуымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтың «Жоғары оқу орындары орта білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсетуі керек» деген бастамасы аясында белсенді жұмысқа кірісті.


2021 жылдың 7-12 қыркүйегі аралығында Алматы облысы білім басқармасына қарасты Қарасай аудандық Білім бөлімімен жасалған ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында «Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында пән мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін шыңдау және пәндік құзіреттілігін арттыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтті. Біліктілікті арттыру курсына 500-ден аса орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатысты. Білікітілік курсының құттықтау сөзін Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор Мақтағали Бектемесов сөйледі. Курс спикерлері университетпен бірлесе жұмыс істейтін «Өрлеу» БАҰО тренерлері Әлия Арзиева мен Салтанат Арзымбетова болды.


Курс барысында жаңа жағдайда педагогикалық дағдыларды меңгеру, жаңа технологияларды енгізу, онлайн және офлайн жағдайда оқыту механизмдерін екі жақты жетілдіру мәселелері талқыланып, жан-жақты талданды. Курс соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 


13.09.2021ж.
Ақпарат көзі: aikyn.kz