қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
15.10.2021

Ғылыми жоба жазудың тиімді тәсілдеріне арналған курс өтті

 



11-15 қазан аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұйымдастырумен орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған «Ғылыми жоба жазудың тиімді тәсілдері» тақырыбында курс өтті.


Курсқа Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Алматы қалаларынан, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Жамбыл облыстарынан мұғалімдер қатысты.


Курс спикері Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Еділбай Оспанов мұғалімдерге ғылыми жоба әзірлеу, ғылыми жобаны жоспарлау, тақырып таңдау тақырыптарында бағыт берді. Курс соңында қатысушыларға сертификат берілді.

 

15.10.2021ж.
Ақпарат көзі: qazaq1913.com



18

Вернутся назад