қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
16.10.2021

Абай университеті: "Ғылыми жоба жазудың тиімді тәсілдері" курсы ұйымдастырылды

 


 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастамасымен орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне арналған «Ғылыми жоба жазудың тиімді тәсілдері» тақырыбында курс ұйымдастырылды. Бұл шараға Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Алматы қалаларынан, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Жамбыл облыстарынан мұғалімдер қатысты, - деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.

 

Курс спикері Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Едильбай Оспанов мұғалімдерге ғылыми жоба әзірлеу, ғылыми жобаны жоспарлау, тақырып таңдау тақырыптарында бағыт берді. Курс соңында қатысушыларға сертификат берілді.

 

 

16.10.2021 ж.

Ақпарат көзі: bilimdinews.kz