қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
25.11.2021

Қырғызстан мен Қазақстан ынтымақтастығы аясында ректорлар кездесті

 


 

Бішкекте Қырғызстан мен Қазақстан университеттері ректорларының Бірінші халықаралық форумы өтті, деп жазады Egemen.kz.

 

Заманауи жоғары білім берудегі негізгі тенденцияларды және екі мемлекеттің жоғары оқу орындарының интеграциялану траекториясын талқылауды мақсат еткен форумға Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов, оқу басқармаларының өкілдері мен екі елдің жетекші жоғары оқу орындарының 50-ге жуық басшысы қатысты.

 

Форумның ашылуында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Қырғызстанның Білім және ғылым министрі Болотбек Купешев, Қазақстан Республикасы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары ректорлары кеңесінің төрағасы, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, Қырғыз Республикасы жоғары оқу орындары қауымдастығының төрағасы, Бішкек мемлекеттік университетінің ректоры Абдылды Мұсаев және т.б. cөз сөйледі.

 

Қырғызстан мен Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін дамыту, Орталық Азия жоғары оқу орындарының Альянсын құру, бірлескен білім беру және ғылыми жобалар, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының тағылымдамадан өтуі бойынша негізгі міндеттер талқыланды. Академиялық ұтқырлық бойынша студент алмасуды кеңейту, филиалдар ашу, білім беру бағдарламаларын біріктіру, екі елдің университеттері арасындағы өзара қарым-қатынас тиімділігін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктерді енгізу туралы шешім қабылданды. Екі республика мен халықтар арасындағы достық байланыстарды одан әрі нығайта түсу үшін де сындарлы да мазмұнды пікірталастар өтті.

 

Форум барысында Abai University Б.Бешеналиева атындағы Қырғыз мемлекеттік мәдениет және өнер университетімен, Қырғыз-Ресей білім академиясымен, Қырғызстан-Ресей білім академиясы, Ресей Федерациясының тұңғыш Президенті Б.Н.Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университеті, Б.Сыдықов атындағы Қырғыз-Өзбек халықаралық университетімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.

 

 

25.11.2021 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz