қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
25.11.2013

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, «6D012000-Кәсіптік оқыту (сала бойынша)» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Қонақбаева Ұлжамал Жандаралиевнаның «Болашақ мұғалімдерді оқушыларды бейіндік оқытуға кәсіби даярлау» тақырыбында диссертациясы қорғалады.

       Диссертация М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік   университетінде орындалған. Қорғау тілі - қазақша.

Ғылыми кеңесшілер

Жолдасбекова Cәуле Абдразаховна - педагогика ғылымдарының докторы, профессор М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің профессоры.

Мехмет Ердоган - PhD доктор, Акдениз университеті (Түркия Республикасы, Анталия).

       Рецензенттер:

       Исабек Нұрдаулет Еркінұлы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының  жанындағы Мектеп-интернат, колледжінің директоры;

       Мұратбаева Гүлнар Абулқасымовна - педагогика ғылымдарының докторы, доцент Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Жалпы педагогика» кафедрасының меңгерушісі.

      Қорғау 2013 жылғы 25 желтоқсанда сағат  12.00 - де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 25

(1-қабат, 6-кабинет), сайт - www.kaznpu.kz ; e-mail: aiya_c@mail.ru

 

 

Ректор м.а.                            М.Е. Ермағанбетов                                              

 

 

Орындаушы: А.Е.Сағымбаева

8(727) 2915852

 

ҚонақбаеваҰлжамал Жандаралиевна

 

Болашақ мұғалімдерді оқушыларды бейіндік оқытуға кәсіби даярлау

 

6D012000 - Кәсіптік оқыту (сала бойынша)  философия докторы PhD ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертациялық жұмысына

 

АННОТАЦИЯ

 

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптарына бейіндік оқытуды енгізу мәселесін жүзеге асыру заманауи жоғары кәсіби біліктілікті иемденетін болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауды бірінші орынға шығарып отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық модернизация - Қазақстан дамуының негізгі бағыты» атты халыққа жолдауында білім беру жүйесін модернизациялаудың негізгі міндеттерінің бірі - «педагогикалық құрамның сапасын көтеру» болып табылады деп атап көрсетілген.  Елбасымыз базалық педагогикалық білім берудің стандарттарын күшейтіп, жоғары оқу орындары мен мектеп оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажеттігін және әрбір аймақта педагогтардың біліктілігін арттыруға жұмылдырылған орталықтар жұмыс істеуі тиіс екендігін атап көрсетіп отыр.

«Қазақстан-2050» Жаңа стратегиялық бағытының білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары атты бөлімінде кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеугебағдар ұстауы керектігі атап көрсетілген.  Жоғары оқу орындары тек оқу бағдарламаларын жетілдірумен шектелмей, өздерінің ғылыми-зерттеушілік қызметін де белсенді дамытуы тиіс екендігі аталып өтілген. 

Проблеманың өзектілігін талдау  12 жылдық мектепте оқушыларды бейінді оқытуға қоғамның қажеттілігі мен әлемдік және жалпы еуропалық білім беру кеңістігіне табысты кіру үшін жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың сапалы қажеттілігі және Қазақстанның педагогикалық ғылымында оның негізгі жағдайларының жеткіліксіз теориялық және тәжірибелік-эксперименттік негізделуі арасындағы қарама-қайшылықтың шешілу қажеттілігіне әкеліп отыр.

Осы қарама-қайшылықтың шешімін іздестіру зерттеу проблемасын  айқындауға және тақырыпты «Болашақ мұғалімдерді оқушыларды бейіндік  оқытуға кәсіби даярлау» деп таңдауға негіз болды.

Зерттеу нысаны: жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді  оқушыларды бейіндік оқытуға кәсіби даярлау жүйесі.

Зерттеу пәні: болашақ мұғалімдерді оқушыларды бейіндік оқытуға  кәсіби  даярлығы.

      Зерттеу мақсаты:  болашақ мұғалімдерді оқушыларды бейіндік оқытуға  кәсіби даярлау үдерісін теориялық негіздеу және әдістемесін ұсыну.

Зерттеу міндеттері:

-       «оқушыларды бейіндік оқыту», «болашақ мұғалімдерді бейіндік оқытуға кәсіби даярлау» ұғымдарының мәнін анықтау;

-       болашақ мұғалімдерді оқушыларды бейіндік оқытуға  кәсіби  даярлаудың моделін және әдістемесін жасау;

-     болашақ мұғалімдерді оқушыларды бейіндік оқытуға  кәсіби даярлау   әдістемесінің тиімділігін дәлелдеу;

-   болашақ мұғалімдерді оқушыларды бейіндік оқытуға  кәсіби даярлау

жүйесінің тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен тексеру.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау, студенттердің оқу іс - әрекетін бақылау; студенттер, мұғалімдер арасында сауалнама жүргізу, әңгімелесу; эксперименттік әдістер (байқау, анықтау, қалыптастыру); мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, типтік бағдарламаларына, оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сараптама жасау; үлгілеу,  педагогикалық тәжірибелерді зерттеу және қорыту, тест, алынған нәтижелерді өңдеудің статистикалық - математикалық әдістері алынды.

          Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:

- «оқушыларды бейіндік оқыту», «болашақ мұғалімдерді бейіндік оқытуға кәсіби даярлау» ұғымдарының мәні мен мағынасы ашылды;

- болашақ мұғалімдерді оқушыларды бейіндік оқытуға  кәсіби даярлаудың моделі түзілді;

       - болашақ  мұғалімдерді оқушыларды бейіндік оқытуға  кәсіби даярлаудың мазмұны мен әдістемесі жасалды.

       Зерттеудің практикалық мәнділігі:

-   технологиялық бағыт бойынша оқушыларды бейіндік оқытуға байланысты типтік оқу бағдарламалары дайындалды [Жолдасбекова С.А.];

-   оқушыларды бейіндік оқытуға болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау бойынша «Оқушылардың бейіндік оқуларын ұйымдастыру» пәнінің типтік оқу бағдарламасы, әдістемелік нұсқаулары, оқу материалдары мен оқу-әдістемелік кешені жасалды [Жолдасбекова С.А., Камалов Ю.Н.].

-    болашақ бейіндік оқыту мұғалімдері үшін ЖОО-ның оқу үдерісіне  «Оқушылардың бейіндік оқуларын ұйымдастыру» және «Кәсіптік білім берудегі инновациялық  технологиялар» атты оқу құралдары дайындалып, ұсынылды  [Жолдасбекова С.А., Камалов Ю.Н.;Жолдасбекова С.А.].

-   болашақ бейіндік оқыту мұғалімдері үшін «Бейіндік оқытуды ұйымдастыру жүйесі» атауымен тіркелген ЭЕМ-ға арналған бағдарлама - виртуалдық-практикалық жұмыс дайындалды [Авторлық куәлік №932 Жолдасбекова С.А., Гапонова С.С.].

 

Аннотациялар

Диссертация