қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
12.09.2023

Абай университетінде коуоркинг орталығы ашылды

 

 

Алматыда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институтында коуоркинг орталығы салтанатты түрде ашылды. Коуоркинг орталығының ашылуы университеттің білім беру инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болды.


Коуоркинг орталығы заманауи талаптарды ескере отырып құрылған және студенттерге, оқытушыларға және зерттеушілерге бірлесіп жұмыс істеуге, оқуға және ғылыми-зерттеулерге көптеген мүмкіндік береді. Бұл білім мен инновацияны біріктіру арқылы идеяларды жүзеге асыратын орталық болады.

 

Іс-шараны ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Дархан Біләлов ашты. Ол бұл бастаманы қолдайтынын айтып, елімізде инновациялық ғылыми-білім беру ортасын құру үшін Ұлттық ғылым академиясы мен республиканың жетекші жоғары оқу орындарының бірлескен күш-жігерінің маңыздылығын атап өтті.

 

- «Біздің университет студенттер мен оқытушыларды оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ең жақсы ресурстармен, соның ішінде заманауи инфрақұрылым мен жаңа құрал-жабдықтармен, кітапхана қорларымен қамтамасыз етуге ұмтылады. Жас ғалымдарды қолдауға да ерекше мән береміз. Біздің мақсатымыз - қоғам мен елдің дамуына ықпал ететін сапалы білім мен ғылыми-зерттеулерді қамтамасыз ету», - деп атап өтті Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректорының м.а. Клара ИСАКОВА.

 

12.09.2023 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz