қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
13.09.2011

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ ИНЖЕНЕРЛІК АКАДЕМИЯ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДОГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университеті КР тәуелсіздігінің 20 жылдығына және ҚР ҰИА-ның құрылғанына 20 жыл толуына арнап, Инжиниринг және технологияның халықаралық ғылыми форумы аясында 2011 жылы 27 қазанда «Мұнайөңдеу және мұнай химиясындағы жаңа технологиялар» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтетінін хабарлайды.
Конференция қорытындысы бойынша конференция материалдарын шығару жоспарланып отыр.
Конференцияға қатысу үшін 2011 жылдың 10 қазанына дейін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына мынадай құжаттар жіберілуі қажет:
- Конференцияға қатысуға өтінім (жеке парақпен ұсынылады)
- 5 беттен аспайтын көлемдегі мақала, соңғы беті толықтай толтырылуы сұралады.
Конференция материалдарын шығару үшін, оны қағазға шығарып, электронды нұсқасын CD дискіге жазып, ұйымдастыру комитетінің мына мекен-жайына табыс етілуі қажет: 050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30, немесе мақаланы төменде көрсетілген талапқа сәйкес толтырып, хатқа қосымша ретінде тіркеп, мына электронды мекен-жайға жіберуге болады: nauka_kaznpu@bk.ru
Байланыс телефоны: 8(727) 291-10-22.
Мақаланы толтыруға қойылатын талаптар: Жазу шрифі -Times New Roman, кегель - 14. Жоларалық қашықтық - 1интервал, беттің жоғарғы және төменгі жағы - 2 см., сол жағы - 3 см., оң жағы - 1,5 см.
Мақала мынадай тәртіппен орналасуы керек: тақырып қара ірі шрифпен жазылып, оның астында автордың аты-жөні, ғылыми атақ-дәрежесі, жұмыс орны, e-mail ортада крусивпен көрсетіледі. Пайдаланылған әдебиеттер мәтіннің соңында дәйексөздердің ретіне қарай беріледі.(Образец)