
Main /
Mass media about us
17.11.2023
Ғылымды дамытудың бірегей мүмкіндігі
Абай университетінде еліміздің үздік университеттеріне әлемдік рейтингтің естелік белгілері мен сертификаттары табыс етілді
Абай университетінің ректоры Болат Тілеп университеттердің халықаралық рейтингтерге қатысуының маңыздылығын атап, еліміздегі тұңғыш университеттің жетістіктеріне тоқталды. Абай университеті үшін халықаралық рейтингтер шетелдік студенттер мен оқытушыларды тарту мүмкіндіктерін кеңейтіп, әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен ғылыми әріптестік байланыстарды дамытатынын, білім беру мен ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.QS Quacquarelli Symonds негізін қалаушы Нунцио Квакварелли QS World University Rankings-2024 рейтингіндегі қазақстандық университеттердің нәтижелерімен таныстырып, әлемдік аренадағы отандық жоғары оқу орындары жетістіктерінің маңыздылығына тоқталды. Әлемдік рейтингтегі жоғары оқу орындарын бағалаудың негізгі көрсеткіштері: академиялық бедел, білім беру ортасы, ғылыми жетістіктер, академиялық ұтқырлық және т.б. көрсеткіштер бойынша нәтижелерді қамтитын талдау жасап, QS World University Rankings әдіснамасы туралы егжей-тегжейлі ақпарат ұсынды.
17.11.2023 ж. Ақпарат көзі: qazaqadebieti.kz Вернутся назад |
|
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Office: 8 (727) 390 60 05
Admissions Office/Call center: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04
8 (727) 291 57 68
Сitizen reception on personal matters
|