қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
12.12.2017

«МЕДЕУДЕГІ» МЕРЕКЕ

 


 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай «Медеу» мұз айды­нында Абай атындағы ҚазҰПУ студент- жастарының жаппай сырғанау акциясы болып өтті. «ҚазNPU-stars» аталатын бұл шараға 500-ге жуық студенттер мен оқытушы-профессорлар қатысты.

 

Шараның мақсаты - жастарды қысқы спорт түрлеріне баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұжым қызметкер­лерінің денсаулығын нығайту, білім алушылардың бос уақытын қызықты әрі тиімді пайдалануға тәрбиелеу болды.

 

Белсенді демалысқа арналған шараның ұйытқысы болып басы қасында жүргендер - оқу орнының Тәрбие ісі жөніндегі про­ректоры Жанатбек Ішпекбаев пен проф­комтөрағасы Болатбек Нұрбатыров акция­ның өз деңгейінде өтуіне бар жағдайды жасапты.

 

Спорттық шараның шымылдығын ашқан Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ректо­ры, профессор Такир Балықбаев: «Спорт­тың адам денсаулығына ерекше пайдасы бар дейтін болсақ, бүгінгі өткізіліп отырған іс-шара соның бір айғағы. Біздің оқу орны­мыз салауатты өмір салтын ұстану үшін көп­теген мәдени-спорттық шаралар өткізіп келеді. Ал бүгінгі шара өздеріңіздің сұрауларыңыз бойынша ұйымдастырылып отыр. Әлемдегі ең әйгілі бұл мұз айдынында талай тарихи оқиғалардың өткені баршаға мәлім. Ендеше, бұл ұйымдастырылып отырған акция сіздердің бос уақыттары­ңызды тиімді пайдаланып, қоғамдық белсен­діліктеріңізді арттыруға өз үлесін қосатынына сенемін. Сіздерді әрдайым спортпен белсенді түрде айналысуға шақы­рамын. Ол адам денсаулығының бірден-бір кепілі», - деп жүрекжарды лебізін жеткізіп, сәттілік тіледі.

 

Университет басшысының ақ тілегінен кейін университетіміздің жас өнерпаздары Еңлік Көпжүрсінова, Олеся Хоменко, Еркебұлан Жақсымұрат жастардың сүйіп тыңдайтын әндерін орындады.

 

Аталған іс-шара мұз айдынында ойын­дарға ұласып, жаппай сырғанаумен аяқ­талды.

 

Авторы: Болат Жұмынұлы

12.12.2017ж.

Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz