қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
04.06.2021

«Жас автор» республикалық әдеби-шығармашылық конкурсы жарияланды

 

2021 жылғы 7 маусым мен 20 тамыз аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасының аясында республикалық «Жас автор» әдеби-шығармашылық конкурсын жариялайды.

 

Конкурс мақсаты - отандық балалар әдебиетінің дамуына үлес қосып, прозалық жанрында қалам тербеткен жастардың әдеби шығармашылығын қолдау, кәсіби мамандануына мүмкіндік беру, өскелең ұрпақтың дүниетанымын, рухани білімін байыту болмақ.

 

Конкурс Ережесіне сәйкес, конкурсқа Қазақстан Республикасының 18-24 жас аралығындағы қатысушылар мемлекеттік тілде жазылған балаларға арналған әңгімелер мен новелла шығармаларын ағымдағы жылдың 20 тамызына дейін rukhany_zhangyru_kaznpu@mail.ru электронды поштасына «Жас автор» деген атаумен жолдай алады.

 

Ал 26 тамыз күні жиналған барлық жұмыстар тәуелсіз қазылар алқасымен анықталып, қомақты жүлделі орындарын онлайн және офлайн форматында салтанатты түрде табысталады.

 

Ең үздік әдеби шығармалар арнайы жинақ кітабына топтастырылады. Аталған балалар әдебиетінің жинағы мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқу бағдарламалары мен балалар кітапханаларына ұсынылатын болады. (Қосымшада әдеби-шығармашылық конкурсының Ережесі ұсынылды).

 

Отандық балалар әдебиетін бірге қолдайық!

 

Ереже

 

«Рухани жаңғыру» орталығы