қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
07.04.2018

Абай университетінде бас қосты

 


 

Өзінің 90 жылдығын тойлағалы отырған білімнің қара шаңырағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универси­тетінде «Заманауи қоғамдағы психология­лық ғылым және практика: мәселелер, тәжірибе, болашақ» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

 

Аталмыш іс сонымен қатар, психология ғылымының докторы, профессор Алма Ақажанованың 70 жылдық мерейтойына арналды. Екі күнге созылған басқосуға ғалымдар, оқытушылар мен студенттер қатысты. Түркия, Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің және өз еліміздегі 15 жоғары оқу орындарының ғалымдары бар.

 

Конференцияны университет ректоры Такир Балықбаев құттықтау сөзімен ашып, психология ғылымының қоғамдағы өзекті проблемаларды шешудегі маңызына тоқталды. Қазақстандағы психология ғылымына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан Алма Ақажанованы ме­рейлі 70 жасқа толуымен құттықтады. Тарихқа көз салсақ, ең алғашқы психология кафедрасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педаго­гикалық универ­ситетінде ашылуы кездей­соқтық емес. Өйткені, кафедраның түлектері еліміздегі психология ғылымы­ның алғашқы іргета­сын қалаған Төлеген Тәжібаев, Мәжит Мұқанов сынды айтулы ғалымдардың осы оқу ордасының түлектері екендігі белгілі. Міне, сол алыптардың ізін жалғастырған ғалымдардың бірі А.Ақа­жанова бірнеше жылдардан бері бас бостандығынан ажыраған азаматтардың психологиясын талдау мәселелерімен айналысып келеді. Оның еңбегі бүгінгі қоғамда жоғары бағаға ие болып отыр.

 

Авторы: Рая Ескендір

07.04.2018 ж.

Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz