қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
04.04.2022

«Жастардан жастарға» конкурсы жаңадан бастаған мұғалімдер үшін дамудың жаңа жолдарын ашады 

 

Жаһандық азаматтылық тұрғысынан білім беру (бұдан әрі - ЖАББ) күллі адамзаттың 4.7 Тұрақты даму мақсатына сәтті жетуіндегі негізгі шарттардың бірі болып табылады.

 

«Жастардан жастарға» сайысына қатысу - ол жас педагогтар мен педагогикалық мамандық түлектеріне дәлелді эссе жазу, тиімді коммуникация құру, командалық жұмысқа қатысу кезінде сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын сынауға, сонымен қатар 4. Тұрақты даму мақсаттарының негізгі ережелерімен толығырақ танысуға берілген мүмкіндік, аталған ережелер бәріне бірдей және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлық адамдар үшін бүкіл өмір бойына оқу мүмкіндігін қолдауды қамтиды.

 

Конкурстың мақсаты - жас мұғалімдердің тұрақты даму және жаһандық азаматтылық тақырыптары бойынша дәлелді эссе жазу дағдыларын дамыту.

 

Конкурсқа қатысуға келесі жас педагогтар (жұмыс өтілі 5 жылға дейін, қоса алғанда) шақырылады: негізгі жұмыс орны жалпы орта білім беру ұйымдары болып табылатын пән мұғалімдері, орта кәсіби білім беру ұйымдарының жалпы білім беру және арнайы пән мұғалімдері, жоғары оқу орындарының жас оқытушылары, сонымен қатар педагогикалық мамандық түлектері (бакалавриаттың соңғы курс студенттері).

 

Конкурсқа қатысу үшін https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSd2XBhkGgQ_iXK6tclsf00TKCkwQhDLpVb_wUdVDD-bLLZaMw/viewform сілтемесі арқылы кіріп, өтінімді толтырып, дәлелді эссені көрсетілген мекенжай бойынша жолдау қажет: Ildana.khalitova@abaiuniversity.edu.kz (Халитова Ильдана Ильдархановна).

 

Өтінімдер мен дәлелді эссе файлдарын беру мерзімі: 2022 жылғы 17 сәуірге дейін.

 

Жұмыстарды қарастыру мерзімі: 2022 жылғы 18 сәуірден бастап 15 мамырға дейін.

 

2022 жылғы 21 мамыр - Диалог пен даму үшін дүниежүзілік мәдени әртүрлілік күні - эссе кезеңінің жеңімпаздары жарияланады.

 

2022 жылғы 8 маусым - Дүниежүзілік мұхиттар күні сайыстың 2-ші кезеңі, яғни «Балаларды су ресурстарына ұқыпты қарауға тәрбиеулеу» тақырыбы бойынша үздік шешімді анықтау фестивалі өтеді. Екінші кезеңге халықаралық командалар құрамындағы жеңімпаздар (1-3 орындар) қатысады.