қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
22.06.2022

PhD докторантураға қабылдау ережелері


Phd докторантураға, оның ішінде университетке мақсатты даярлық бойынша тұлғаларды қабылдау кешенді тестілеу (бұдан әрі - КТ) немесе түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Докторантураға түсушілердің өтініштерін қабылдау жылына 2 рет Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі (app.testcenter.kz) арқылы келесі мерзімде жүргізіледі:

 

Докторантураға құжаттар қабылдау:
1) күнтізбелік жылдың 3 шілдесінен 3 тамызына дейін;
2) күнтізбелік жылдың 1-18 қарашасы аралығында.

Докторантураға білім беру бағдарламаларының топтары бойынша түсу емтихандары мына уақыт аралығында өткізіледі:
1) күнтізбелік жылдың 4 тамызынан 20 тамызына дейін;
2) күнтізбелік жылдың 19 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін;

- 4-20 тамыз аралығында өткізілген түсу емтиханының сертификаты ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды;
- 19 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілген түсу емтиханының сертификаты келесі жылдың 1 наурызына дейін жарамды.

Докторантураға қабылдау мына аралықта жүргізіледі:
1) күнтізбелік жылдың 15 тамызынан 28 тамызына дейін;
2) күнтізбелік жылдың 26 желтоқсанынан 10 қаңтарына дейін.

Оқуға түсу емтиханын тапсыру күні мен уақыты, орны оқуға түсушілердің назарына жеке кабинет арқылы жеткізіледі.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша докторантураға Конкурстық және ақылы негізде түсу үшін КТ нәтижелері бойынша кемінде 75 балл жинаған тұлғалар қабылданады.

 

Толық ақпарат: https://abiturient.abaiuniversity.edu.kz/kaz/.  

 



49

Вернутся назад