қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
11.08.2022

Абай университеті профессор-зерттеуші лауазымына және постдокторлық бағдарлама стипендиатын қабылдау бойынша конкурс жариялайды

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (бұдан әрі - Абай атындағы ҚазҰПУ) профессор-зерттеуші лауазымына және постдокторлық бағдарлама стипендиатын қабылдау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.

 

Конкурсқа қатысу үшін өтінім мыналарды қамтиды: конкурсқа қатысу туралы өтініш, түйіндеме, профессор-зерттеушінің ғылыми-зерттеу жобасы / постдокторанттың жеке ғылыми-зерттеу бағдарламасының жобасы, үміткерлерге қойылатын жоғарыда көрсетілген талаптарды растайтын құжаттамасы бар портфолио (дәйексөз базасынан алынған скрин-шот, шетелдік басылымдардағы жарияланымдардың көшірмелері және т.б.), ғылыми дәреже, PhD дәрежесін алуды, ғылыми атақ беруді растайтын құжаттар, ғылыми еңбектер мен өнертабыстар тізімі, үміткердің біліктілігін растайтын қосымша құжаттар, ұсыным хаттар, алдыңғы жұмыс орындарынан мінездемелер.

 

Конкурстық өтінімдер 2022 жылдың 20 тамызына дейін Абай ат. ҚазҰПУ Ғылым департаментіне беріледі: Алматы қ., Қазыбек би көшесі, 30, каб. № 201.

 

Профессор-зерттеуші қызметі туралы ереже

 

Постдокторантура туралы ереже

 



60

Вернутся назад