қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
13.09.2022

Педагогикалық бағыт бойынша дуальды оқыту бойынша пилоттық бағдарламасы


Abai University жобалық тобы KazDual - «Қазақстанда дуальды жүйені енгізу» жобасы аясында (жоба нөмірі: ЕС 618835-EPP-1-2020-1-KZ-EPPKA2-CBHE-SP, іске асыру мерзімі: 15.01.2021-14.01.2024) Erasmus + бағдарламасы бойынша Abai University-де дуальды оқытудың пилоттық бағдарламасын іске қосады және оқытушыларға, докторанттарға, магистранттарға, студенттерге және жұмыс беруші серіктестерге арналған «Дуальды оқытуды енгізу» оқыту тренингтерінің сериясын жалғастырады. Тренингтер 2022 жылдың 14,15,16 қыркүйегінде өтеді.

 

14 қыркүйек күні сағат 9.00-де Төле би, 31 мекенжайында орналасқан Педагогика және психология институты (ПжПИ) ғимаратының 12-ауд. жоба мүшелері дуальды оқытудың пилоттық тобы 6В01303- АКТ-мен бастауыш білім беру ББ-ның 1 курс студенттерімен кездеседі. Дуальды оқыту мәселелері бойынша кіріспе тренинг өткізіледі.

 

15 қыркүйекте сағат 11:00-де Достық даңғылы, 13 мекенжайы бойынша орналасқан Abai University бас ғимаратының 202-аудиториясында институт оқытушыларына арналған тренинг өтеді. Жоба қатысушылары дуальды білім беруді ұйымдастырудағы инновациялар тәжірибесімен бөліседі. Төмендегі тақырыптар ұсынылады:

- KAZDUAL «Қазақстанда дуальды жүйені енгізу» жобасын іске асыру;

- Дуальды жоғары және кәсіби білім берудің икемді моделі. Қазақстан Республикасындағы дуальды білім берудің ұғымдық және нормативтік-құқықтық базасы;

- Дуальды оқыту жүйесін енгізуге жұмыс берушілердің ұстанымдарын зерттеу;

- Оқу бағдарламасын әзірлеу. Оқу бағдарламаларын әзірлеу әдістері;

- Білім алушыларды белсенді оқу қызметіне ынталандырудың педагогикалық тәсілдері.

 

16 қыркүйек күні сағат 11.00-де Педагогика және психология институтының 15-ауд. жұмыс берушілер, оқытушылар, магистранттар мен докторанттар үшін Қазақстанда дуальды жүйені енгізу: озық тәжірибе, инновациялар мен перспективалар мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтеді.