қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
26.09.2022

«Парадигма - коммуникативтік құрылым негізі» семинары өтеді

 

2022 жылдың 28 қыркүйекте сағат 15.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Abai LABS» ғылыми-инновациялық паркі жанындағы «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы «Тілтұмар» бірлестігі мен академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020-2022 жылдарға арналған «Тілдік коммуникация парадигмалары: әдеби айтылым мен латынәліпбилі жазылым» ЖТН: АРО8855685» атты мемлекеттік грант жобасы аясында «Парадигма - коммуникативтік құрылым негізі» тақырыбында семинар өткізеді.

 

Семинарда Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы «Латын» ғылыми-практикалық зертханасының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ф.Ш.Оразбаева «Тілдік коммуникация құрылымында парадигманың алатын орны» тақырыбында дәріс-сұхбат жүргізеді. Семинарды доктор PhD М.А.Иманқұлова, ф.ғ.к., Ж.А.Қоқанова және докторант Ж.О.Мазибаева Тілдік парадигмадағы қатысымдық бірліктер туралы практикалық курспен жалғастырады. Семинар талқылау, пікір алмасу, сұрақ-жауап кезеңдерімен өрбиді.

 

Семинарға С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысады.

 

Өтетін орны: Алматы қаласы Достық даңғылы, 13. 423 дәрісхана