қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
28.10.2022

А. Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған конференция өтеді

 

2022 жылдың 25 қарашасы күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институтының мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық мұрасы, заманауи білім мәселелері: бүгіні мен болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

 

Конференция жұмысының бағыттары:

1. Ахмет Байтұрсынұлы - ұлы тұлға және ұлт мұрасы
2. А.Байтұрсынұлының педагогикалық мұрасы: өткені мен бүгіні
3. Заманауи білім беруді дамытудың негізгі тенденциялары
4. Ұлттық құндылықтар: оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелері

 

Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

 

Баяндамалар мен тіркелуді қабылдау 2022 жылдың 22 қарашаға дейін.

 

Конференция нәтижелері бойынша конференция материалдарының электрондық жинағы қалыптастырылып, конференцияға қатысушылардың электрондық мекенжайларына жіберіледі.

 

Конференцияға қатысу тегін.

 

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 050010, Алматы қ., Төле би көшесі 31, Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология институты, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы, 30 каб.

Телефон: 87771555568 Алимбекова Анар Аймолдановна, 87054674187 Булшекбаева Асем Исаевна. е-maіl: konf.kaznpu.2022@gmail.com.

 

 

Ақпараттық хат