қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
06.01.2023

Информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді

 

2023 жылы 16 қаңтарда сағат 16.00-де Математика, физика және информатика институтының Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының кеңейтілген отырысында «6D011100-Информатика» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін Буканова Әсел Қайратқызының «Білім беруді цифрландыру жағдайында болашақ информатика мұғалімдеріне Информатика тарихын оқытудың әдістемелік негіздері» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы талқыланады.

 

Отырыс оффлайн және онлайн форматта өтеді. Диссертация Абай атындағы ҚазҰПУ-да орындалды. Қорғау тілі - қазақ тілі.

 

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР:

Ошанова Нұржамал Тұрашқызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ (Алматы, Қазақстан);

Пак Николай Инсебович - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, В.П.Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университет (Красноярск, Ресей).

 

РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

Абдиев Қали Сейілбекұлы - педагогика ғылымдарының докторы, доцент, «Тұран» университеті (Алматы, Қазақстан);

Шекербекова Шырынқыз Тілеубергенқызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а., Абай атындағы ҚазҰПУ (Алматы, Қазақстан).

 

ZOOM:

https://zoom.us/j/98531880994?pwd=Wm12VW9UTEgwQ1FEOGhwT1h3QmxyUT09

 

ID: 985 3188 0994

 

Code: 929500

 

Мекенжайы: 050010, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86, МФИИ ғимараты (3 қабат, 306-кабинет).