қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
23.02.2023

Педагогика және психология институты докторанттарының ғылыми семинары өтеді

 

2023 жылдың 28 ақпанындада сағат 14.00-де Педагогика және психология институтының ұйымдастыруымен докторанттарға ғылыми семинар өткізіледі. Ғылыми семинардың модераторы Тилеубаева Н.Н. 8D01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 2-курс докторанты.

 

Семинар баяндамашылары:

1. Смағұл Ж.Қ., 8D01901 - Арнайы педагогика мамандығының 3-курс докторанты. Баяндама тақырыбы: «Ағылшын тілі сабақтарында көру қабілеті зақымдалған балалардың коммуникативті дағдыларын дамыту бойынша тапсырмалар жүйесі»;
2. Кударинова А.С., 8D01901 - Арнайы педагогика мамандығының 3-курс докторанты. Баяндама тақырыбы: «Болашақ педагогтардың инклюзивті білім беруді жүзеге асыруға кәсіби-тұлғалық дайындығы»;
3. Сюй-фу-шун Н.В., 8D01901 - Арнайы педагогика мамандығының 3-курс докторанты. Баяндама тақырыбы: «Болашақ арнайы педагогтардың кәсіби-сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыру»;
4. Баймахова А.Ш., 8D01101 - Педагогика және психология мамандығының 2-курс докторанты. Баяндама тақырыбы: «Жеткіншектік кезеңде көрініс беретін агрессивті мінез-құлықтың ерекшеліктері»;
5. Ауезова А.А., 8D01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының 2-курс докторанты. Баяндама тақырыбы: ««Мектепке дейінгі ересек жас балаларының конструктивті ойындар арқылы танымдық қызығушылығын дамытудың қазіргі жағдайы»»;
6. Баймаханбетова М.А., 8D01301-Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді даярлау мамандығының 2-курс докторанты. Баяндама тақырыбы: «Бастауыш сыныптарда STEM білім беруге қажетті жағдайлар»;
7. Иксатова Б.К., 8D01301-Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді даярлау мамандығының 2-курс докторанты. Баяндама тақырыбы: «Болашақ бастауыш бiлiм педагогтерiн окушылардың цифрлык дағдыларын дамытуға даярлау».