қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
24.05.2016

ХАБАРЛАНДЫРУ

2016 ж. 26-27 мамыр күндері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Қазақстан ғылымының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, п.ғ.д., профессор Г.А.Умановтың 85 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының педагогикалық білімін жүйелі жаңғырту: мәселелері, шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.
Конференцияның ұйымдастырушылары: ҚР Білім және ғылым министрлігі, Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогикалық білім беру ғылымдарының халықаралық академиясы(Ресей).
Конференцияның мақсаты: Қазақстандағы педагогикалық білім берудің барлық деңгейлеріндегі жүйелі жаңғыртудың өзекті мәселелерін талқылау.

26 мамыр күні - «Дөңгелек үстел» түрінде секциялық отырыстар (Алматы қ., Достык даңғылы,13, бас оқу ғимараты,2-қабат, үлкен конференц-залы, 225 ауд.)
27 мамыр күні - Пленарлық мәжіліс
Қатысушыларды тіркеу сағ. 9.00-10 дейін.
Пленарлық мәжілістің жұмыс уақыты сағ. 10.00-14.00 дейін.
Конференцияның жұмыс тілі - қазақ, орыс және ағылшын.
Өткізілетін орны: Алматы қ., Достык даңғылы,13, бас оқу ғимараты,
2-қабат, үлкен конференц-залы, 225 ауд.

Ұйымдастыру комитеті.
Жалпыуниверситеттік педагогика кафедрасының тел. : 291 19 81