қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
15.04.2019

ҚазҰПУ ректоры «Махмұд Қашқаридың 1000 жылдығы» медалімен марапатталды

 


 

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев «Махмұд Қашқари» қоры төрағасының орынбасары Агаджафар Гасаналимен және Қазақстандағы Әзірбайжан Республикасы Елшілігінің өкілі Рамиль Рзаевпен кездесті. Кездесуге сондай-ақ, Қазақстан күрдтері қауымдастығының төрағасы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Князь Мирзоев қатысты.

 

ҚазҰПУ Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, кездесу барысында Агаджафар Гасанали «Махмұд Қашқари» қорының қызметі туралы әңгімеледі. Оның айтуынша, «Қор 14 жыл бұрын Әзірбайжан астанасында, түркі әлемінің танымал тұлғаларының бастамасымен Баку қаласында құрылды. Қордың негізгі мақсаты түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін біріктіру, тарихи-мәдени байланыстар призмасы арқылы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылады». Сондай-ақ, Агаджафар Гасанали педагогикалық, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарын дамытуда, Қазақстандағы білім беру саласының дамуына қосқан орасан зор үлесі мен Қазақстанның тұңғыш университетінің ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлаудағы, оқу орнын халықаралық тәжірибеге сәйкестендіруде табысты көшбасшылығы үшін Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаевты «Махмұд Қашқаридың 1000 жылдығы» медалімен марапаттау туралы Махмұд Қашқари қоры президиумының шешімін хабарлап, ректорға «Махмұд Қашқаридың 1000 жылдығы» медалін табыс етті.

 

Қазақстандағы Әзірбайжан Елшілігінің өкілі Рамиль Рзаев өз елінің атынан ҚазҰПУ ректорын құттықтап, еңбек жолында табыс тіледі. Ол сондай-ақ, кездесудің білім және ғылым саласындағы екі мемлекеттің ортақ құндылықтарын нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.

 

 

Авторы: Эльвира Серікқызы

15.04.2019 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz