қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
16.04.2019

Цифрландырылған білім интеллектуалдық сайысы өтті

 


 

Абай атындағы ҚазҰПУ Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы мен Педагогикалық STEM-парктың ұйымдастыруымен жас ғалымдардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында «Цифрландырылған ғылым-білім» тақырыбында интеллектуалдық сайыс өтті.

 

Сайысқа институттың 3 курс студенттерінен «Key to life», «Kinest», «Tурбо», «Smard dreams», «Transformers» және «Mатематиктер» болып 6 команда қатысты.


Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы мен педагогикалық STEM-парктің ғылыми жетістіктерінің көрмесі ұйымдастырылып, онда студенттердің өз қолдарымен жасалған роботтары, «Ақылды үй», «Ақылды себет» тәрізді жұмыстары қойылды.


Интеллектуалдық сайысты Математика, физика және информатика институтының директоры Мұрат Бекпатшаев ашып, талантты жас ғалымдардың өз шығармашылық қабілетін шыңдауына қолдау көрсету үшін интеллектуалдық сайыстардың тұрақты түрде өткізілетіндігін айтты.


Сайыс нәтижесі бойынша Ақжолтай Тұрғанбайұлы, Айбар Бақдәулет, Ернұр Жаңабай секілді жастардан құралған «Турбо» командасы 3-ші орынды, Жанна Орынбек, Мейіржан Жарқынбек, Айдос Садық сияқты жастардан құралған «Кey to life» командасы 2-ші орынды, Бағила Әбдіқалықова, Айгерім Түленді және Жәнібек Әбіл «Smard dreams» командасы 1-ші орынды иеленді.


Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасының меңгерушісі, әділ қазылар төрағасы Есен Бидайбеков кафедра ұжымы мен Педагогикалық STEM-парктың директоры Ерболат Жаменкеевтың, студенттердің интеллектуалдық түрлі жобаларды қолға алғандығына тоқталды. Алдағы уақытта Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы және Педагогикалық STEM-парктың ұйымдастыруымен құрастырылған робототехникалардың туындыларымен және оның мүмкіндіктерін кеңінен таныстыратын болады.

 

 

16.04.2019 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz