қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
23.11.2016

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесіне 6D010900 - Математика мамандығы бойынша ізденуші Нұрмұхамедова Жанара Мұратқызының «Математикалық анализ курсын мектепте және педагогикалық жоғары оқу орнында оқытудың әдістемелік жүйесі» тақырыбында диссертация қорғауы өтеді.

Диссертациялық жұмыс Алматы қ. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасында дайындалды.

Қорғау орыс тілінде.

Рецензенттер:

Қағазбаева Әспет Кенесбекқызы - педагогика ғылымдарының  докторы, профессор, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылымдары (гуманитарлық) пәндерін оқыту әдістемесінің  кафедрасының меңгерушісі.

Токибетов Жанузак Абдыкулұлы - физика-математика ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры.

 

Ғылыми жетекшілер:

Абылкасымова Алма Есімбекқызы - педагогикалық ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі.

Булин-Соколова Елена Игоревна - педагогикалық ғылымдарының докторы, Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетінің профессоры, (Ресей).

 

Аннотация

Ғылыми еңбектер тізімі

 Ғылыми қорғау 2016 жылдың желтоқсан айының 23 жұлдызында сағат 14.00-де  Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті жанындағы 6D010000 - «Білім беру (жаратылыстану ғылымдары)» бойынша Диссертациялық кеңесте өтеді. Мекен-жайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86 үй, 415 ауд.

https://youtu.be/dZkmLA2kF_o