қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
08.02.2017

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Құрметті ұстаздар, студенттер мен магистранттар!

 

Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне орай «Өмір саған өкпем жоқ...» атты әдеби-сазды кеші ұйымдастырылады.

Кештің арнайы қонағы Қазақстан Республикасы кино қайраткері, өнертанушы, профессор Шаяхмет Имашұлы.   

Кеш барысында бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігін көңілге ұялататын ақын өлеңдері оқылып, қазақ поэзиясының Хантәңірі - Мұқағали Мақатаевтың үздік туындыларының мазмұны мен терең пәлсапалық  мағынасын ашу арқылы қылқалам шеберінің шығармашылығы насихатталады. 

 

 

 

Ақиық ақынның шығармашылығын сүйетін барша қауымға есік ашық!

 

 

 

Өтетін күні: 2017 жылдың 9 ақпаны

Өтетін орны: бас оқу ғимаратының үлкен конференц-залы  

Басталуы: 11.00-де

 

 

 

 

Ұйымдастырушы: Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі басқармасы