қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
07.11.2019

Ректордың «Open Space» форматында кездесуі

 


 

6 қарашада Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Open space» форматында ректор Такир Балықбаев жұртшылықпен кездесу өткізді. Кездесуге проректорлар мен департамент директорлары, студенттік ректорат мүшелері қатысты. Университет басшылығына 75-тен астам өтініш келіп түсті.

 

Кездесу барысында оқу ақысы; бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысу; жатақханалардағы жағдайларды жақсарту және оқу үдерісіндегі ұйымдастыру жұмыстары, басқа да әлеуметтік маңызы бар мәселелер туралы сұрақтар қойылды. Әр өтініш беруші ректормен және университеттің басқа да басшыларымен бетпе-бет сөйлесіп, ұсыныстарын ашық айтуға мүмкіндік алды. Бұл кездесуде студенттер мен олардың ата-аналары көкейкесті мәселелерін емін-еркін ортаға салды.

 

Университет басшылары өздерінің құзіреттеріне қатысты сұрақтарға дәйекті жауап берді. Барлық өтініш берушілермен тікелей байланыс орнатқан университет ректоры «Open space» қатысушыларының мәселелерін өз басшылығына алды.

 

 

Ректормен кездесуге келген студенттер мен ата-аналар көптеген мәселелердің жедел шешілгеніне риза болды. Кейбір проблемалық сұрақтардың шешімі уақытты қажет етеді, оларды дереу шешу мүмкін болмайды. Сондықтан университет басшысы оларды жинақтап, талдап, орындалу мерзімін көрсетіп, тиісті құрылымдық бөлімшелерге тапсырма берді, содан кейін белгілі бір мәселенің қалай шешіліп жатқандығы туралы хабардар етеді.

 

ниверситеттің бірінші басшысы бастаған әкімшілік қызметкерлері білім алушылардың қажеттіліктеріне уақтылы назар аударады және олардың орындалуына көмектесуге тырысады. Ашықтық орнату, оқуға қолайлы жағдай жасау, жастармен тығыз ынтымақтастық, туындаған мәселелерді шешу - университетіміздің басты міндеті.

 

 

Авторы: Римма Жанбаева

07.11.2019 ж.

Ақпарат көзі: kazgazeta.kz