қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Нұрке Майра Сыздыққызы

Нұрке Майра Сыздыққызы

Абай атындағы ҚазҰПУ-ің «Бейнелеу өнері және сәндік қолөнер теориясы мен методикасы» кафедрасының доценті. 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1992 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-тің Көркемсурет және графика факультетін бітірген. 1993 жылдан Бүкіл Одақтық, Республикалық және Халықаралық көрмелерге қатысқан.
- 1996 жылдан ҚР. Суретшілер одағының мүшесі;
- 2001 жыл, «Таңғы Шық» шығармашылық жеке көрмесі Алматы және Астана;
- "Жігер 2001" Халықаралық жас суретшілер фестивалінің лауреаты (Қазақстан);
- "Артдизайн" наминациясы бойынша Халықаралық "Подиум-2004" жас дизайнерлер конкурсының лауреаты (Ресей)
- "Костюм" наминациясы бойынша Халықаралық "Подиум-2005" жас дизайнерлер конкурсының лауреаты (Египет)
- Республикалық «Шебер-2012» фестивальінің «Асыл ұстаз» наминатциясының жүлдегері (Қазақстан);
- ҚР «Мәдениет Қайраткері» белгісімен марапатталған.
- 2013-2014 жылғы Халықаралық бағдарлама «Болашақ» стипендиясының иегері
- 2015-2017ж. педагогика ғылымдарының магистірі дәрежесін алған.
Шығармашылық еңбектері Ә.Қастеев мұражайында және Ұлыбритания, Венгрия, Жапон, АҚШ-ның жеке тұлғаларда сақталған. Мекен жайы Алматы қаласы.Басылымға шыққан ғылыми еңбектер тізімі.

1.Көркем тоқыма өнерінің технологиясына қойылатын жаңа талаптарды оқыту процесінде қолдану мәселелері жайында /«Қазақстан Республикасы халқының материалдық емес мәдени мұралары: қазіргі жағдайы мен даму келешегі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2012-284б. -Бб. 198-201.
2. Болашақ суретшінің шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың мәселелері жайында /Кәсіби білім беру жүйесіндегі көркемөнердің мәдени-интелектуалдық мүмкіндіктері: халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағы-Алматы: «Қыздар университеті» баспасы, 2013.-220б.-Бб.282-285.
3. Көркем тоқыма өнерінің даму тенденцияларының кәсіптік білім берудегі маңызды мәселелері жайында / «ЮНЕСКО жолымен: «Әлем. Көркем білім. Жастар» Халықаралық симпозиумның жариаланымдар жинағы.- Алматы, 2015.-Бб. 93-95.
4. Өнер педагогикасы студенттік оқытудағы шығармашылық шарты ретінде /Ресей жастар идеясы мен жобалары (халықаралық қатысумен) бүкілресейлік жастар ғылыми-практикалық конференциясы РИНЦ Ғылыми электронды кітәпхана Мәскеу, Чебоксары: Экспертты-әдістемелік орталық, 2015.- Бб.20-25.
5. Концептуалды өнер тарихы және оның даму тенденциялар / «ХХ-ХХI ғасырдың басындағы өнертанудың мәселелері»: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Алматы: Т.Жүргенов ат. Өнер Академиясы, 2016. -Бб.310-314.
6. Концептуалды өнер негізінде студенттердің аналитикалық дағдыларын қалыптастыру мәселелері жайында //«Көркем өнерден білім беру: өнер-теориясы-әдістемесі». Абай атындағы Қаз ҰПУ Хабаршы журналы. №1(50). - Алматы: Ұлағат баспасы, 2017.- Бб. 70-74.

 

 

 


← Кері оралу