қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Нұрке Майра Сыздыққызы

Нұрке Майра Сыздыққызы

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ

Нұрке Майра Сыздыққызы, 1969 жылы 25 қыркүйекте Қызылорда облысы Шиелі ауданы Нартай ауылында туған. Ұлты-қазақ. 1986 жылы № 156 Н. Бегежанов атындағы орта мектепті бітірген.

1987 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының «Көркем сурет және графика» факультетіне «Бейнелеу өнері, сызу және еңбек» мамандығына оқуға түсті. Оқу кезінде факультеттің студенттік өміріне белсенді қатысты. 1992 жылы университетті бітіріді.

1992-2021 жылдар аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-де  Көркем сурет және графика факультетінің сәндік қолөнер кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарды.

1996 жылдан ҚР. Суретшілер одағының мүшесі. 2001 жылы Алматы және Астана қалаларында «Таңғы шық» аталған жеке шығармашылық көрме жасады. 2011 жылы ҚР «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталды. 2012 жылы Республикалық «Шебер-2012» фестивальінің «Асыл ұстаз» наминатциясының жүлдегері болды.

2013/2014 жылдарда «Болашақ» халықаралық бағдарламасының шәкіртақы иегері болды. «Дизайн» саласында тағылымдамадан Ұлыбритания және Испанияда өтті. (University of Leiceste, UIC).

2015 жылы Абай атындағы ҚазаҰУ-ің 6M010700 - «Бейнелеу өнері  және сызу» мамандығы бойынша магистратураға түскен. 2017 жылы магистратураны бітіріп, педагогика ғылымдарының магистраті ғылым дәрежесін алды.

2019 жылы  Абай атындағы ҚазҰПУ-ің «Педагогика және психология» институтының «8D013 - Пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау» (Бастауышта оқыту  педагогикасы  мен  әдістемесі) докторантурасында оқыды. 2022 жылы бітірді.

2022/2023 жылдар аралығнда Алматы технологиялық университетінің «Дизайн» кафедрасының лектор қызметін атқарды.

2023 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-де, Өнер, мәдинет және спорт институтының көркем білім кафедрасында университет доценті қызметін атқарады. 

 

БІЛІМІ

Білім мекемесі

Квалификация

Бітіру уақыты

Абай атындағы ҚазПУ

Бейнелеу өнер, сызу және еңбек оқытушысы

1992 ж.

Абай атындағы ҚазҰПУ

Педагогика ғылымдаының магистрі

2017 ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Академиялық дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген уақыты

Магистр

Педагогика ғылымдары

2017 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Дизайн және заманауи өнер формалары

Тамақтану мәдениеті

Үй мәдениеті мен экологиясы

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

1. Transformation of visual art in noospheric learning based On unique perception // Журнал «Педагогика и психология» Казахского национального педагогического университета имени Абая - республиканское научно-методическое издание. Выпуск 50 № 1 (2022) Опубликован 2022-03-31 С114-121  DOI: https://doi.org/10.51889/2022-1.2077-6861.11

2. Ноосфералық білім беруде визуалды өнер құралдарын қолданудың тиімділігі: қабылдау мативациясын анықтау мысалы // Журнал «Педагогика и психология» Казахского национального педагогического университета имени Абая - республиканское научно-методическое издание. 2021г. №3 С130-138 DOI: https://doi.org/10.51889/2021-3.2077-6861.15

 3. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ноосфералық білім негізінде визуалды өнерді қабылдауға даярлаудағы жобалау және зерттеушілік аспектілері жайында // ӘОЖ 373.3.018.8 МРНТИ 14.35.07  Халықаралық ғылыми журнал Қазақстанның ғылымы мен өмірі 12/1 (142)2020-304 бет. 161-168бет

4. Дизайндағы туризмді жарнамалау әрекетінің Негізгі қағидалары // Actual scientific research in the modern world // Journal. - Pereiaslav, 2022. - Issue 9(89), p. 1 - 204 p. p.187-191. ISSN 2524-0986 

5. Ноосфералық білім негізінде тұлғаны қалыптастыруда визуалды өнер зерттеу құралы ретінде // П.ғ.д., профессор Б.А.Әлмұхамбетовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Заманауи жастарды этномәдени тәрбиелеу - ұлттық кодты сақтаудың негізі» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары / Алматы, 2021. - 354 бет. 72-78бет. ISBN 978-601-80628-8-9

6. Ноосфералық білімнің теориялық негіздері // Сборник материалов Международной научно-практической конференции «Современные проблемы и перспективные направления журналистики и гуманитарных наук» / под общ. ред. Ж.К. Исаевой. - Нур-Султан: АО «Финансовая академия», 2021. - 244 с. 107-114 бет ISBN 978-601-353-023-9 

 


← Вернутся назад