қазақша · русский · english
 
 
 
 Ибрагим Тоғжан
Студенттік ректорат ректоры

togjanibragim@mail.ru


Мақсаты:
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Студенттік ректорат кеңесі заманауи озық ойлы, креативті рухта қалыптасқан, ұлттық дәстүрді, әдет - ғұрыпты, тәрбиені дәріптейтін университеттің белсенді жастарының ортасы - өкілді органы болып табылады.

Студенттік ректорат, өкілеттілігі бойынша Кеңес нысанында қызметін атқарады.

Ректорат өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік Жастар саясаты туралы» Заңын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, ҚазҰПУ-дың Жарғысымен және Студенттік ректорат Ережесін басшылыққа алады.

Ректорат Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры жанынан құрылып, мемлекеттік жастар саясатын іске асыратын, сол саясатты жетілдіруге үлес қосатын, ағартушылық, танымдық, жасампаздық, әлеуметтік, инновациялық, шығармашылық жобаларды іске асыратын орган, сонымен қатар, ведомствоаралық қарым-қатынастың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдарын әзірлейтін жастардың ең жоғарғы өкілді органы болып саналады. Ұсынымдар және басқа да өтінімдер университет Ректорына ұсынылады, алдын ала талдаудан өткізілгеннен кейін қоғамдық (университет деңгейінде) талқылауға салынады.

Жастардың бастамашылдық қызметі университеттің барлық басшылары және басқа да жауапты қызметкерлерімен қолдауға алынады.

 

Міндеттері:
1) Студенттердің тұлғалық деңгейін анықтай отырып дарындыларды даралайтын, қасиет-қабілеттерін ашуға мүмкіндік беретін, студент өмірінің құндылықтарын қолдайтын жастар ортасын жүйелі жасақтау;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік Жастар саясаты туралы заңнамалық актілерін іске асыру;
3) Білім алушылардың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту;
4) Білім алушы жастардың отансүйгіштік рухын дамыту;
5) Қоғамның игілігіне білім алушылардың тұлғалық және интеллектуалдық, потенциалдық мүмкіндіктерін дамытуға жағдай жасау;
6) Білім алушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына тікелей қатысуына мүмкіндік жасау және заңнамаға қайшы келмейтін басқа да міндеттерін іске асырады.

Студенттік ректордың қызметі:
1) Ректораттың кезекті және кезектен тыс отырыстарының уақыты мен мерзімін белгілейді және оған төрағалық етеді;
2) Ректорат мүшелерінің жалпы санының кем дегенде үштен-екі бөлігінің талабымен Ректораттың кезектен тыс отырыстарын шақырады;
3) Ректорат жұмысының жоспарын дайындайды, оны бекітуге ұсынады және қызметін басқаруды жүзеге асырады;
4) Ректорат мүшелері арасындағы міндеттері мен жұмыс бағыттарын үйлестіреді;
5) Ректораттың жұмыс жоспары мен отырысының күнтәртібін әзірлейді.
6) Ректорат Төрағасы себепті жағдайлармен қызметтерін атқара алмайтын кезде, оның қызметін (міндетін) орынбасары орындайды.

 

955