About us | ![]() Канафина Зарина Талапкеровна
ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ Канафина Зарина Талапкеровна (20.01.1993, Петропавл қ.) - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2021 жылғы түлегі, педагогика ғылымдарының магистрі. 2024 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-дың орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы. 2015 жылы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-ды «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша аяқтап, «Шет тілдерін оқыту үдерісінде автономды оқыту» тақырыбында әдістемелік дипломдық жұмыс қорғады. 2019-2021 жылдары Абай атындағы ҚазҰПУ-дың филология факультетінде «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистратурада, 2021-2024 жылдары докторантурада білім алды. 2021 жылы «Қазақстан эргонимикасының тәуелсіздік кезеңіндегі өзгерістері (спорттық нысандар атаулары негізінде)» тақырыбында магистрлік диссертация қорғады. Докторлық диссертация тақырыбы: «Салтанатты қызмет көрсету саласының эргонимиясы: әлеуметтік және этномәдени шындықтың қазіргі жағдайы және көрінісі».
БІЛІМІ
ОҚЫТЫЛАТЫН ПӘНДЕР Бакалавриатта: Орыс тілінің практикалық курсы (Орыс тілі)
ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ Канафина Зарина Қазақстандағы ономастика саласындағы зерттеулерін жалғастырып, халықаралық конференцияларға және ғылыми тағылымдамаларға қатысады, ғылыми мақалалар жариялайды. Оның қазіргі зерттеу мүдделері лингвистика, орыс тілін оқыту әдістемесі, шетел тілі ретіндегі орыс тілі және ономастика салаларын қамтиды. Оның ғылыми еңбектері халықаралық конференциялар жинақтарында, сондай-ақ ВАК тізіміне енген және ЖБССҚЕК ұсынған журналдарда жарияланған. ORCID: https://orcid.org/0009-0005-3269-5331
Ғылыми тағылымдамалар және біліктілікті арттыру бағдарламалары: Жазғы институт бағдарламасы «Тілдер арасындағы қарым-қатынас тілі ретінде орыс тілі», Псков мемлекеттік университеті, 2024 ж. 29 шілдесі - 11 тамызы, Псков, Ресей; ← Вернутся назад |
050010, Republic of Kazakhstan Almaty, Dostyk аve., 13
e-mail: rector@abaiuniversity.edu.kz
|
|
Office: 291-48-74, 291-37-23 (fax) 8 (727) 390 60 05
Admissions Office/Call center: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04
8 (727) 291 57 68
Сitizen reception on personal matters
|