қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Ордағұлова Диана Исақызы

Ордағұлова Диана Исақызы


ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ

2001 жылы  Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің, педагогика және психология мамандығына оқуға түсіп, 2005 жылы университеттің атауы өзгеріп, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін үздік дипломмен аяқтап, "Педагогика және психология" бакалавр дәрежесін алып шықты. 2005-2007 жылдар аралығында аталған университеттің "Психология" мамандығының магистратурасында оқыды. 2007 жылы Қазақ қыздар педагогикалық институтының "Жалпы психология" кафедрасына оқытушы қызметіне қабылданды. 2008 жылдан қазіргі уақытқа дейін Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарады. Жалпы ғылыми-педагогикалық еңбек өтілімі: 16 жыл. Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс тілдерін жетік біледі және ағылшын тілінің А2 деңгейін меңгерген. Ғылыми қызығушылығы: Жалпы психология, кикілжің психологиясы, психодиагностика негіздері, практикалық психология, балалар психологиясы.

Ордагулова Д.И. өзінің ғылыми-теориялық деңгейін үнемі арттырып және педагогикалық шеберлігін жетілдіріп отырады. Бірнеше рет біліктілікті арттыру курстарына қатысты, соның ішінде Қазақстан Республикасында, Ұлыбританияда, Грузияда.

Қазіргі кезде Д.И.Ордагулованың 40-тан астам ғылыми-әдістемелік еңбектері жарық көрген, оның 1 - оқу құралы.

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Біліктілігі

Аяқтау мерзімі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Педагогика және психология

2005

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Психология магистрі

 

2007

Туран университеті

Психология (докторантура)

 

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ  (даярлау деңгейі бойынша тізімі)

Бакалавриат: Психология (Модуль), Білім берудегі психология.

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ - зерттеу тақырыбы, жарияланымдар саны (5 маңызды жарияланымды атап көрсету).

Зерттеу тақырыбы: ЖОО студенттерінің академиялық прокрастинациясының тұлғалық детерминанттары және оны психологиялық түзету жолдары.

1. Тұлғаның нарықтық қатынастарға әлеуметтік-психологиялық бейімделуі. Абай ат.ҚазҰПУ Хабаршысы. "Психология" сериясы №1 (58), Алматы, 2019. 124-129 бб.

2. Мектепке дейінгі шақтағы балалардың қабілеттерін ойын арқылы дамытудың психологиялық ерекшеліктері. Абай ат. ҚазҰПУ Хабаршысы. "Психология" сериясы №1 (58), Алматы, 2019. 130-136 бб.

3. Особенности эффективного использования информационно-коммуникационной системы «Zoom» в образовательной среде высших учебных заведений. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, «Психология» сериясы №4 (65), 2020 ж. 92-97 бб.

4. ЖОО студенттерінің эмпатиялық тенденциялары деңгейін зерттеу. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, «Психология» сериясы №4 (73), 2022 ж. 27-35 бб.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ - зерттеу тақырыбы, жарияланымдар саны (5 маңызды жарияланымды атап көрсету). Зерттеу тақырыбы: Білім берудегі психология

МАРАПАТТАРЫ

 

Алғыс хат:

2-8 сынып оқушыларына арналған "Балдаурен білгірі-2022" III Республикалық зерттеу жұмысы мен әлеуметтік жобалар байқауына белсене қатысып, қолдау көрсеткеніңіз үшін. Қонаев қ. "Балдаурен" РОСО кешені (2022).

 

 


← Вернутся назад