қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Мұратаев Құрман Қалиұлы

Мұратаев Құрман Қалиұлы

Білімі:

1966-1970 жж. - Алма-Ата суретшілер училищесі;

1970-1975жж.- Жоғары көркемдік өнеркәсіптік Мәскеу училищесі (бұрынғы Строгановское);

1977-1981 жж. -  Аспирантура ЖСМПУ (бұрынғы Строгановское).

1964 ж. - Артек;

Еңбектегі тәжірибесі:

1967 ж. - Жамбыл обл. Құрылыстық студенттер отряды;

1967-1970 жж. - Алма-Ата қ. Ведомстволық күзет құрылыс нысандарының сақшысы;

1970-1975 жж. - Мәскеу қаласындағы Е.Вахтангов атындағы театрда және 52-ші клиникасында аула сыпырушы;

1975жг. - Целиноградтық фарфор заводы;

1976 ж.  - СА борышын өтеуші;

1977 ж. -  Мәскеу монументалды өнер шеберханалары;

1981-1983 жж.. - ЖСМПУ профессор ассистенті (бұрынғы Строгановское);

1983-1993 жж. - Алма-Ата мемлекеттік театр-суретшілер институт - қолданбалы өнер және промграфика кафедра меңгерушісі (1984-1986), ректорға жүктелген міндеттерді атқарумен бірге оқу және ғылым проректоры (1987-1988);

1989-1993 жж. - Қазақстанның дизайнерлер Одағының жауапты хатшысы;

1993-2000 жж. - Қазақ мемлекеттік суретшілер академиясында оқу және ғылым проректоры;

2000-2009 жж. - Т.Жургенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ғылыми жөніндегі проректор (2000-2002), қолданбалы өнер және дизайн факультетінің профессоры;

2009-2011 жж. - ҚР суретшілер Одағының жауапты хатшысы;

2011-2013 жж. - Алматы технологиялық университеті, «Дизайн» кафедрасы;

2013 - осы уақытқа дейін- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, шығармашылық мамандықтар кафедрасы.

Шығармашылық-өндірістік «Арна» этнодизайн-студиясында ұйымдастырушысы және басшысы (1989-1993);

Шығармашылық жұмыстары:

КСРО суретшілер Одағының Мәскеу филиалының жастар қауымдастығының мүшесі (1974);

КСРО және Қазақстан дизайнерлер Одағының мүшесі (1987);

Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі (1989);

Халықаралық дизайнерлер қауымдастығының мүшесі (1991);

Мәскеу, Алматы, Целиноград, Қарағанды, Павлодар, Теміртау, (ОҚО) Шәуілдір ауылы, Жезқазған қалаларында монументалды өнер және қолданбалы өнер бойынша дизайнерлік жұмыстар жүзеге асырылды (интерьер, мозайка,рельеф, фонтан, витраж, фреска т.б.).

Қазақстан, Ресей, Түркімен, Тәжікстан, Түркия, Украина, Германия, Болгария, Австралия, Польша мемлекеттерінде көрмелерге қатысты;

Этнодизайннан Республикалық конкурстың лауреты (1985);

Дизайнерлер мен суретшілер арасында өтетін Республикалық және халықаралық форумдардың, пленэрлердің, симпозиумдардың қатысушысы және ұйымдастырушыларының бірі (1987-2011);

Ғылыми ізденушілік жұмыстар:

Кандидаттық диссертация қорғады (1982г.), монографиялық басылымдар, оқулықтар, оқу құралдары және этнодизайн туралы жарияланымдар, оқу-әдістемелік жұмыстар, халықаралық ғылыми конференцияларда баяндамалар Алматы, Сеул, Орал, Ақтөбе, Бішкек, Ашхабат, Санкт-Петербург, Мәскеу, София, Душанбе, Астана басылымдарында шықты;

Өнертану доценті ғылыми атағы (1998), сәндік өнер профессоры академиялық дәрежесі (1998), өнертану профессоры академиялық дәрежесі (2000);

3 өнертану кандидатын, 5 дизайн магистрантын, 5 сәндік қол өнер магистрантын дайындады;

8 кандидаттықтан, 6 өнертанудан докторлық (PhD) диссертациядан ресми оппонент;

ЮНЕСКО көркем өнер білімінің сарапшысы;

Марапаттары:

Қазақстан Республикасының құрмет грамотасы. (07.12.2007ж.ҚР Президентінің жарлығы);

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (10.11.2011г. ҚР Президентінің жарлығы);

 «ҚР Мәдениет қайраткері» құрмет белгісі (2001);

ҚР дизайнерлер Одағының арнайы медалі (2007, 2012);

ҚР суретшілер Одағының медалі (2013);

ҚР СО А.Кастеев атындағы медалі (2016);

Мемлекеттік ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың құрмет грамоталары мен дипломдары;

Қоғамдық жұмыстары:

КСРО дизайнерлер Одағының құрылтай съезінің делегаты (1987), Орталық бақылау-тексеру комиссиясының мүшесі болып сайланды (1987-1992);

 Қазақстанның дизайнерлер Одағының құрылтай съезінің делегаты, Қазақстанның дизайнерлер Одағының Вице-президенті болып сайланды (1987 қазіргі уақтқа дейін);

«Невада-Семей» қозғалысындағы антиядролық Халықаралық кеңесінің бірінші құрамының мүшесі  (1989-90);

Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдау қауымдастығының құрылтай съезінің делегаты, басқарма мүшесі болып сайланды (1989-1991);

Ескерткіштер мен құрылыстар жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі (2000-2005);

«Дарын» мемлекеттік марапаттар жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі (2006/2010);

«Азия Даусы» халықаралық байқаудың бағдарламасының тұжырымдамасының және дизайн авторларының бастамашыларының бірі (1989);

ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған бейнелеу өнері және сәндік қол өнерінің ең үздік өнімдері Республикалық байқауының комиссия мүшесі (2011);

ҚР мемлекеттік геральдикалық комиссияның мүшесі (2011 қазіргі уақытқа дейін);

Республикалық кинофестивалінің әділқазы мүшесі (1993);

«Байтерек-2006» республикалық бейнелеу өнері, сәндік қол өнер, сәулет және  дизайн  байқауының мүшесі (2006);

«Перестройка и мы» бүкілодақтық саяси плакат байқауының әділқазы мүшесі  (1986);

Шығармашылық пәндер бойынша Республикалық студенттік олимпиаданың қазылар алқасының төрағасы (2010-2011);

Шығармашылық мамандықтар студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін ұлттық қазылар алқасының төрағасы (1993-2000);

Балалар шығармашылығы қалалық байқауының қазылар төрағасы (2010);

«Дизайн Казахстана» республикалық байқаудың қазылар мүшесі  (1989);

Балалар шығармашылығы республикалық байқауының қазылар мүшесі (2015-2016);

Әр жылғы шығармашылық мамандықтар бойынша диплом қорғау жұмыстарының мемлекеттік аттестация комиссиясының (ҚазБСҚА, Абай атындағы ҚазҰПУ, «Сымбат» сән академиясы, АТУ, Ақтөбе қ. БҚМУ, Орал қ. ОрМУ, У.Тансыкбаев атындағы АҚӨК, Еуразиялық техникалық университеті, Т.Жургенов атындағы ҚазҰӨА);

Кандидаттық диссертация қорғау кезіндегі ҚР БҒМ мамандандырылған кеңесінің мүшесі (2000-2010);

Отбасылық жағдайы:

Үйленген, жұбайы - 1949 ж.т. - суретші, ұлы - 1976 ж.т.- дизайнер, қызы -1978 ж.т.- дизайнер, немерелері - 2002 ж.т., 2004 ж.т., 2007 ж.т.

Қызығушылығы:

Туризм, музыка


← Вернутся назад