қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Бакирова Күлжахан Шаймерденқызы

Бакирова Күлжахан Шаймерденқызы

Ғылыми-педагогикалық қызметі:
Бәкірова Күлжахан Шаймарденқызы - педагогика ғылымдарының докторы, биология ғылымдарының кандидаты, экология доценті. Жалпы еңбек өтілі 37 жыл, оның 25 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-да өткен. 2012 жылдың үздік оқытушысы. Қазақстан Республикасы педагогика ғылымдары академиясының, Ресейлік жаратылыстану академиясының корреспондент мүшесі. Университеттің Фиджип-Еуроталант Халықаралық академиясымен өзара ынтымақтастығын қалыптастырудағы ерекше еңбегі үшін Бәкірова К.Ш. 2013 жылы Мария Аньези медалымен марапатталып, Халықаралық КОНКОРД академиясының (Франция) корреспондент мүшесі дипломын иеленді.
Бәкірова К.Ш. 2017 жылдың наурыз айында ҚР Жоғары оқу орындары ассоциясы жариялаған конкурсқа қатынасып, «Үздік монография» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.
Абай атындағы ҚазҰПУ пен Францияның КОНКОРД академиясы арасында К.Ш.Бәкірованың тікелей араласуы нәтижесінде мүмкін болған ынтымақтастық келісім-шарты аясында ол университеттің түрлі мамандықтарға (биологтар, химиктер, географтар және физиктер) оқып жатқан магистранттар тобының Францияның білім орталықтарында тәлімгерліктен өтуіне мұрындық бола отырып, олардың Парижде орналасқан, Дүние жүзіндегі ең үздік 500 университеттер қатарына кіретін Оңтүстік университетпен танысуына қол жеткізді.
Бәкірова К.Ш. өзінің белсенді ғылыми-педагогикалық қызметі нәтижесінде 250-ден астам еңбектер жариялады, олардың екеуі монографиялар, он бірі оқу-әдістемелік еңбектер, он үш мақала жоғары импакт-факторлы басылымдарда (РИНЦ, Скопус және Томсон-Рейтерс) жарияланған.
1999-2000 жылдары ол Халықаралық Сорос-Қазақстан қоры жоғары оқу орындары оқу бағдарламаларына жариялаған ашық конкурс грантын, ал 2010-2012 жылдары университет ректоры грантын ұтып алды.
Бәкірова К.Ш. қазақ және орыс тілдерінде оқитын магистранттардың дипломдық жұмыстарына басшылық етеді, олар жыл сайын өтетін ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді түрде қатысады. Оның басшылығымен 6М011300 - «Биология» және 6М060800 - «Экология» мамандықтарына оқыған 50-ден астам магистрант өз оқуын табысты аяқтады.
Бәкірова К.Ш. педагогикалық қызметін ғылыми жұмыспен сәтті ұштастырады. Ол экология және білім беру проблемаларына арналған Халықаралық конференцияларға үнемі белсенді түрде қатысып келе жатыр (Бішкек - 2008 ж., Москва, Ставрополь, Георгиевск - 2008-2012жж., София, Прага - 2011-2013 жж., Франция, Польша, Ташкент, Ульяновск - 2013-2015 жж., Финляндия, Австрия, Венгрия - 2016-2017жж.).
Дәріс оқитын пәндері: Бәкірова К.Ш. экологияға қатысты оқу пәндері бойынша әр түрлі факультет студенттеріне (халықаралық қатынастар факультеті - құқық, политология мамандықтары, педагогика-психология факультеті дефектология, психология және педагогика мамандықтары, жаратылыстану-география факультеті - география-экология, туризм, экономика негізін қамтитын география мамандықтары) дәріс оқиды. Қазіргі кезде ол кейбір экологиялық және биологиялық пәндер бойынша университет магистранттары мен докторанттарына дәріс оқиды және зертханалық-практикалық сабақтар өткізеді.
Бәкірова К.Ш. бакалаврларға оқылатын кейбір пәндер бойынша бірнеше авторлық оқу курстарын дайындады, олар - «Адам экологиясы», «Су жүйелерінің экологиясы», «Ғылыми зерттеу негіздері», «Экологияның құқықтық негіздері», «Экологиялық таным» сияқты арнаулы курстар. Магистранттар мен докторанттарға арналған арнаулы курстар да дайындалған, олар - «Ғылыми зерттеу жұмыстарын жоспарлау», «Тұрақты даму тұжырымдамасы», «Гидробиология», «Экосаясат және экологиялық заңнама негіздері», «Биология және тұрақты даму», «Биологиялық ғылым мен білімнің бүгінгі проблемалары» т.б.
Біліктілікті арттыру (ең маңыздылары):
1.ҚР білім беру жүйесіне қарасты жетекші қызметкерлер мен ғылыми-педагоикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бағытындағы республикалық институт. ҚР педагогикалық жоғары оқу орындары оқытушыларының білімін жетілдіру бағдарламасы. Біліктілікті жетілдірудің «Өрлеу» ұлттық орталығы Акционерлік қоғамы. 240 сағат. 24.08. - 14.10. 2013 жыл. Алматы қаласы.
2. «Халықаралық ұйымдар және ғылыми ынтымақтастық». Конкорд халықаралық академиясы, ФИДЖИП-ЕВРОТАЛАНТ творчестволық орталық президенті м.ғ.д., профессор Томский Г.В. 72 сағат. 3-12 мамыр. 2013 жыл. Франция; 72 сағат. 8-18 қараша. 2014 жыл.Франция.
3. Білім берудегі, ғылымдағы және бизнестегі инновациялық технологиялар». АҚШ, Техас штаты, Лес-Вегас университеті. 15-26 қараша 2013 жыл.
Қоғамдық жұмыс. К.Ш.Бәкірова көп жылдардан бері республиканың Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыратын оқушылардың Кіші академиясы ғылыми-практикалық конференциясының, «Дарын» жобасы ауқымында ұйымдастырылатын облыстық және республикалық олимпиадалардың экология секторы бойынша әділқазылар алқасының мүшесі немесе төрайымы болып жұмыс істейді. Бұл іс-шаралардың мақсаты - дарынды балаларды анықтау және оларға бағыт-бағдар сілтеу.
Бәкірова К.Ш. университеттің және институттың қоғамдық өміріне белсенді түрде араласады. Ол Жаратылыстану және география институты Ғылыми Кеңесінің мүшесі, эдвайзер, «биология» және «экология» мамандықтары магистранттары мен докторанттарының жауапкер ұстазы. Ол студенттер педагогикалық тәжрибеден өтетін №33, 12, 159 мектептердің және №42 лицейдің оқушыларымен тұрақты түрде мамандыққа бағдарлау жұмыстарын өткізіп тұрады. Ол биология және экология бағытындағы республикалық және облыстық олимпиадаларға қатысушыларға кеңес беруші ұстаз және жетекші.
Бәкірова К.Ш. Абай атындағы ҚазҰПУ-ға қарасты «Қазақстан географиясы және экология» кафедрасы қызметкерлерінің арасында аса беделді де сыйлы тұлға. Ол маман ретінде де, өмірлік және педагогикалық тәжрибесі мол ұстаз ретінде де магистранттар мен докторанттардың проблемаларын ұғынуға және оларды уақтылы шешуге тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


← Вернутся назад