қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Қосанов Бағдат Мақұлбекұлы

Қосанов Бағдат Мақұлбекұлы

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯН

1958 жылы Жетісу облысы Сарқан ауданы Үлгі ауылында дүниеге келдім. 1974 жылы М.Төлебаев атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің физика-математика факультетіне түсіп, 1978 жылы аталмыш оқу орнын ойдағыдай бітірдім. 1978-1989 жж. Жетісу облысының мектептерінде математика және физика пәндерінің мұғалімі, интернат меңгерушісі, директордың оқу-тәрбие жұмыстары бойынша орынбасар, 1989-1990 жж. Алматы қаласындағы О.Жәутіков атындағы Республикалық физика-математика мектебінде мұғалім болып істедім. 1990-2016 жж. Абай атындағы ҚазҰПУ Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі және Психология-педагогика факультеттерінде, Магистратура және PhD институтында аға оқытушы, доцент м.а., доцент  және кафедра меңгерушісі қызметтерін атқардым.

1997 жылы кандидаттық диссертация қорғадым, 2000 жылы доцент ғылыми атағы берілді. 2016-17 оқу жылынан бастап, Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика факультетінің Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры лауазымында жұмыс атқарамын.

 

БІЛІМ

Оқу мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күні

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Математика, математика пәнінің мұғалімі

1978 ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ 

Ғылыми дәреженің атауы

Ғылыми облысы

Диплом берілген күні

Педагогика ғылымдарының кандидаты

13.00.02-Методика обучения математике

19.11.1997 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ

Бакалавриатта: Элементарлық математика (геометрия),  Математиканы оқыту әдістемесі, Математика тарихы.

Магистратурада: Математиканы оқыту әдістемесінің тарихы, Педагогикалық эксперимент нәтижелерін өңдеудің математикалық әдістері, Математикадан экстремумға берілген есептерді шешу әдістері, Теоретические основы обучения решению математических задач в средней школе.  

 

ҒЫЛЫМИ -ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ

Ғылыми-зерттеу жұмысының бағыттары: «Математика тарихы», «Қазақстанда математикалық білім берудің тарихы» және «Педагогикалық эксперимент нәтижелерін статистикалық-математикалық өңдеу әдістері».

266 ғылыми мақалалардың, 2 монографияның, 10 учебников и оқулықтың   және оқу үдерісінде қолданыс тапқан 40 оқу құралының авторымын.

Маңызды ғылыми мақалалар:

- Алаш қайраткері Телжан Шонанұлының әдістемелік-математикалық  мұралары. Материалы международной научно-практической интернет-конференции «Тенденции и перспективы развития науки и образования в условиях глобализации», 44 -шығарылым, Переяслав-Хмельницкий қаласы (Украина), 28 .02. 2019., 321-324 беттер.

- Орталық Азияның IX-XV ғасырлардағы ұлы математиктері. «Актуальные научные исследования в современном мире», №4(48), I бөлім, Переяслав-Хмельницкий қаласы (Украина), 2019, 126-133 бб.

- Тригонометриялық өрнектерді ықшамдаумен байланысты тест тапсырмаларын орындаудың стандартты емес әдістері. «Алгорифм», №1 (126), Алматы қаласы, 2019, 9-12 бб.

- Қоспаға оның компоненттерінің бірі қосылатын концентрация есептері. «ХАБАРШЫ-ВЕСТНИК-BULLETIN», Физика-математика ғылымдары сериясы, №1(65) 2019, Алматы қаласы, 66-70 бб.

- Қ.Сәтбайұлының «Алгебра» оқулығы. «GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2019: СENTRAL ASIA» атты IV халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы,  V том, 21.01.2019, Астана қаласы, 172-173 бб.

- Математикалық статистика бастамаларына арналған ана тіліндегі алғашқы оқу құралы. «Математикалық білім: жағдайы, мәселелері, болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, 14.03. 2019., Ақтөбе қаласы, 79-83 бб.

-Академик К.И.Сатпаев и его «Алгебра». Материалы V международной заочной научной конференции «Актуальные проблемы обучения математике и информатике в школе и вузе» (МПГУ,Россия), 18-22.12.2019. c.438-443.

- Modern State of Teaching of Probably Theory and Mathematical Statistics in Schools Republic of Kazakhstan. SCOPUS. 16 бет.

-«Problems of modern education» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, 10-11.09. 2019., Прага қаласы,Чехия, 70-80 бб.

- Қоспадан оның компоненттерінің бірі айырылатын концентрация есептері. «ХАБАРШЫ-ВЕСТНИК-BULLETIN», Физика-математика ғылымдары сериясы, №3(67) 2019, Алматы қаласы, 49-53 бб.

-«Әбжад есебі» - қазақ ұлттық математикалық мәдениетінің алтын қазынасы. «ХАБАРШЫ-ВЕСТНИК-BULLETIN», Физика-математика ғылымдары сериясы, №4(68) 2019,Алматы қаласы, 59 -65 бб.

- О развитии мышления учащихся при решении тригонометрических уравнений и неравенств в школьном курсе алгебры. «ХАБАРШЫ-ВЕСТНИК-BULLETIN», Физика-математика ғылымдары сериясы, №1(69) 2020, Алматы қаласы,138 -143 бб.

- Яссауи заманындағы мұсылмандық мектептерде математиканы оқытудың тәжірибесі. «Қ.Яссауидың туғанына 930 жыл: Тарихи тағлым қазіргі білім мен тәрбие кеңістігінде» атты  Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Алматы, 26.01.2024. 784-791 бб.

Монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдары:

- «Ана тіліндегі алғашқы математика оқулықтары» - Алматы: «Мерей» баспасы, 2015.- 500 б.

- «Қазақстандағы математиканы оқыту әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы» (А.Е.Әбілқасымовамен авт. бірл.). ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу құралы.- Алматы: «Мектеп» баспасы, 2018.- 263 б.

 -«История становления и развитие методики преподавания в Казахстане» (А.Е.Әбілқасымовамен авт. бірл.). ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу құралы. - Алматы: «Мектеп» баспасы, 2020.- 330 б.

-«Педагогикалық эксперимент нәтижелерін өңдеудің математикалық әдістері». Республикалық Оқу-Әдістемелік Кеңесінің білім берудің «Педагогикалық ғылымдар»  бағыты бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің грифі берілген оқу құралы. - Алматы: «Лантар Трейд» баспасы, 2021.- 216 б.     

-«Қазақстанда математиканы оқыту сабақтастығының қалыптасу тарихы» (А.Е.Әбілқасымовамен авт. бірл.). ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынған оқу құралы.- Алматы: «Мектеп» баспасы, 2023.- 336 б.

-«Ғылыми-әдістемелік зерттеулердегі статистикалық-математикалық әдістер». - Алматы: «Kemelkitap» баспасы, 2024.-  216 б.     

 

МАРАПАТТАРЫ

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы» (2017)

 «Абай атындағы ҚазҰПУ-іне 90 жыл» мерекелік медалі (2018)

«Абай атындағы ҚазҰПУ-іне 95 жыл» мерекелік медалі (2023)

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі (2023). 

 

 


← Вернутся назад