қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Бегалиева Нұргүл Үсейінқызы

Бегалиева Нұргүл Үсейінқызы

 

ҚЫСҚАША ӨМІРБАЯНЫ

Бегалиева Нұргүл Үсейінқызы 1998 жылы  Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Әлеуметтік педагогика» мамандығын бітірген, 2003 аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының «Өзін-өзі тану» зертханасында кіші ғылыми қызметкер қызметінде болды. 2006 жылы  Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында «Педагогикалық психология» мамандығы бойынша аспирантураны бітірген.  

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2011 жылғы 16 маусымдағы шешімімен (№5 хаттама) психология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді (ҒК №0005816).

Бегалиева Нұргүл Үсейінқызының 70-тен астам ғылыми мақаласы бар.

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Біліктілігі

Аяқтау мерзімі

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Әлеуметтік педагогика»  мамандығы бойынша

«Практикалық психолог» және «Әлеуметтік қызметкер»

1998 ж.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының аспирантурасы

19.00.07. -

Педагогикалық психология

2006 ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Академиялық дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Дипломның берілген күні

Психология ғылымдарының кандидаты

Психология

16 маусым 2011 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ  (даярлау деңгейі бойынша тізімі)

Бакалавриат: Медициналық психология, Тұлға психологиясы, Даму психологиясы, Оқушылардың психикалық денсаулығын алдын алу.

 

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ - зерттеу тақырыбы, жарияланымдар саны (5 маңызды жарияланымды атап көрсету).  Зерттеу тақырыбы:  «Балалар үйінде тәрбиеленген жасөспірімдердің танымдық қабілеттерін дамытудың психологиялық шарттары».

1. «Адамзат ақыл-ойының қазынасы» 10 томдық. Психология. І том. Л.С.Выготский. Мәдени-тарихи тұжырымдамасы. «Таймас» баспа үйі. -Алматы,2005. 28,8 б.т. 462 бет.

(Бірлескен авторлар: Бегалиева Н.Ү., Әбеуова И.А., Бапаева М.Қ., Бапаева С.Т., Шайжанова Қ.Ү.).

2. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Издательская корпорация «КАЗақпарат» Алматы, 2014. - 507 бб. (31,8 б.т.).

3. Особенности развития личности ребенка в ситуации материнской депривации. Министерство народного образования Республики Узбекистан. Международный форум «Социальная поддержка детей и молодежи - основа благополучного и процветающе-го общества».  4-5 декабря, 2013г. Ташкент - 2013.

4. Жетім жасөспірімдердегі когнитивтік депривацияның әсері. Қайнар»университетінің хабаршысы. 4/1 басылым. Алматы  «Қайнар» ун-ті, 2010 ж.

5. Балалар үйінде тәрбиеленген жасөспірімдердің депривациялық бұзылыс-тарының психологиялық себептері. ҚазҰУ Хабаршысы, Психология және социология сериясы. Алматы №3 (34) 2010. Алматы: Қазақ университеті.

 

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ - зерттеу тақырыбы, жарияланымдар саны (5 маңызды жарияланымды атап көрсету). Зерттеу тақырыбы: Оқушылардың психикалық денсаулығын сақтауда арттерапияның рөлі.

1. Құм терапиясын шығармашылық қабілетті дамыту тұрғысында қолдану. ҚазҰҚПУ Хабаршысы, №4 (80) 2019.

2. Денеге бағдарланған терапияның мәні мен өзіне тән ерекшеліктері. Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. №2 (51), 2017.

3. Психотерапиялық ықпал ету үрдісіндегі ертегі терапиясы және бейсананың рөлі. ҚазҰУ Хабаршы,  Психология және социология сериясы. № 4 (51)  2014.

4. Психология ғылымында эмоция ұғымының қарастырылу жайы. ҚазҰУ Хабаршы,  Психология және социология сериясы. № 1 (52)  2015.

5. Балалардың тұлғалық қасиеттерін дамытуда ертегі терапиясының рөлі. «Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер: өзекті мәселелері, жетістіктері мен жаналықтары» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-әдіст.конф. - Алматы, 2023. Қайнар академиясы.

 

МАРАПАТТАРЫ

1. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің дамуына қосқан үлесі үшін 70 жылдық мерейтойлық «Құрмет белгісі» медалінің иегері, (№243 02.09.2014).

2. Құрмет грамотасы (Университеттің оқу-тәрбие ісі мен қоғамдық өміріне белсене атсалысқаны үшін ұстаздар мерекесіне орай). Алматы, 2023 ж.

3. Университеттің оқу-тәрбие ісі мен қоғамдық өміріне белсене атсалысқаны үшін және ұстаздар күні мерекесіне орай университет ректорының Құрмет грамотасымен марапатталды. Алматы, 2023.

4. Халықаралық Психологтар күнінде РҚБ «Қазақ Психологиялық қоғамы» мен «Resource Academy» ғылыми-тәжірибелік психология орталығының «Үздік психолог - 2023» медалімен марапатталды.  №00171. 25 қазан, 2023 жыл. 

 


← Вернутся назад